17-06-24 |
9980 рет қаралған
Шымкенттегі зауытта есепке алынбаған алкоголь өндіріліп заңсыз сатылған.
Шымкенттегі зауытта есепке алынбаған алкоголь өндіріліп заңсыз сатылған

Шымкентте  спирт зауытының қызметін тексеру барысында, 81 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.

Есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адмдарға сатылған.

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жоспарынорынду аясында өткен шаралар нәтижесінде анықталғандай, мереке және демалыс күндері (сенбі және жексенбі) есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелтудің фактілері тіркелді, бұл этил спиртін сақтау және өткізу ережесін бұзуға әкеп соққан (ҚР ҚМ 20.02.2015 ж. «Этил спиртін сақтау және өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдау) ережесін бекіту туралы» бұйрығы).

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында аталған спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына алкогольді заңсыз сатумен және қылмыстық жауапкершіліктен босатудағы жалпы қамқорлығы үшін 20 000 АҚШ доллар бір реттік төлем мен ай сайын 1 000 000 теңге сомасында пара ұсынған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.