29-05-24 |
10810 рет қаралған
Сот есірткі заттарын таратқан 8 интернет-ресурсты жапты.
Сот есірткі заттарын таратқан 8 интернет-ресурсты жапты

Алматы қаласының Алмалы ауданының №2 аудандық соты есірткі заттарын таратқан интернет-ресурстардың қызметін тоқтатты.

Сотпен анықталғаны, «Telegram»мессенджері мен «Instagram» әлеуметтік желісіндегі бірқатар парақша арқылы есірткіні SMS арқылы сатып алуға болатын сайттарға сілтемелер таратылған.

Сатып алу нұсқаулары бар интернет-ресурстарда олардың сипаттамалары, артықшылықтары, кемшіліктер, т.б. қасиеті сипатталған. Сонымен қатар, есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын республика аумағында тұтынушыларға тарату мүмкіндігін ұсынған, бұл мәні бойынша сатушы мен сатып алушының физикалық байланысынсыз есірткіні жасырын және заңды түрде сату болып саналады.

Сот уәкілетті органның талап қоюы бойынша аталған интернет-ресурстарда ақпарат тарату заңсыз деп танып, олардың қызметі тоқтатты.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.