15-03-24 |
5320 рет қаралған
Сот орындаушы өндірілген ақшаны жымқырған.
Сот орындаушы өндірілген ақшаны жымқырған

Қостанай облысының прокуратурасымен тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасы анықталды.

Бұрынғы «Н» жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды.

Бұл ақша қаражаттары – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.