Тараз қаласы прокуратурасы тексеру жүргізу нәтижесінде жеке сот орындаушысының мемлекет пен банк ұйымдарының пайдасына өндіруге тиіс қаражатты ұрлау фактілерін анықтады.
Атап айтқанда, сот орындаушысы 46 борышкерден өндіріп алынған соммасы 3,1 млн теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 635 мың теңге қаражатты жеке шотына аударып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Борышкерлерге қатысты атқарушылық материалдар түпкілікті орындалмай, берешек өтелмей қалған.
Осы дерек бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-нің 251-бабының 2-бөлігімен (жеке сот орындаушысының өкілеттігін қайталап теріс пайдалануы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Қылмыстық істі тергеу Тараз қалалық полиция басқармасына жүктелді.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.