«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Президент Жарлығының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын іске асыру аясында әзірленді.
Конституциялық заң Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның қызметін жетілдіруді, сондай-ақ дербес кассациялық соттарды құруды және олардың сот актілерін қайта қарау жөніндегі өкілеттіктерін қарастырады.
Осыған байланысты Жарлық жобасында Сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жөніндегі комиссияның қызметіне және кассациялық соттарды құруға байланысты түзетулер енгізіледі.
Атап айтқанда, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияны құру тәртібін өзгерту, сондай-ақ кейбір ережелерді Конституциялық заңға енгізілген түзетулерге сәйкес келтіру ұсынылып отыр.
Жарлық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Жарлықтың жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық нормативтік-құқықтық актілер бөлімінде, сондай-ақ осы сілтеме арқылы таныса аласыз: