arasha.kz

Спортшылар жалған атақ алып келген – Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қазақстанда спорт атақтарын негізсіз берген адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында аралас жекпе-жек спортшысы Арман Әшімовтің жалған спортшыларға «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атақтарын негізсіз беру туралы бейнеақпараты зерделенді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жарияланымға уақытылы ден қойып, сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды», – деп хабарлады Антикор.

Антикор Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізген.

Exit mobile version