Мамлют ауданының коммуналдық кәсіпорны 2019 жылдан бастап тарифтерді белгілеу қағидаларының талаптарын бұза отырып, кәсіпкерлерден тұтынылған су үшін бюджеттік ұйымдарға бекітілген 1318 теңге (1 м3 үшін) көлемінде негізсіз ақы алған, алайда соңғылар тұтынушылардың екінші тобына (бірінші және үшінші топтарға кірмейтін заңды тұлғалар) жатады.
Қадағалау органы «Aтaмекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отыра бұл мәселені зерделеп, заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізілді.
Оны қарау қорытындысы бойынша кінәлілер белгіленген жауапкершілікке тартылып, облыстың Табиғи монополияларды реттеу басқармасы а.ж. 20 мамырда №58-OД 2024 жылғы 1 шілдеден бастап халық үшін 1 м3 үшін 190-нан 99,24 теңгеге дейін, ал басқа тұтынушылар үшін 1318,72-ден 688,81 теңгеге дейін су құнын төмендетумен уақытша өтемақы тарифін енгізу туралы бұйрық шығарған.
Тұтынушыларға қаражатты өтеу төмендетілген тарифті қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Нәтижесінде қабылданған қадағалау шаралары Мамлютка қаласы тұрғындарының, оның ішінде жергілікті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.