05-09-24 |
17480 рет қаралған
«Сыбаға» бағдарламасы аясында берілген субсидия қолды болған.
«Сыбаға» бағдарламасы аясында берілген субсидия қолды болған

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.

«Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ІҚМ сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталды. Құқыққа қайшы әрекеттермен мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық ірі мөлшерде залал келтірілді»,  – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді. 

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау аясында Қаржылық мониторинг агенттігі АӨК саласын дамытуға бөлінетін субсидиялар мен кредиттік қаражаттардың орынды жұмсалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Бұл жұмыс адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.