Павлодарда мамыр айында сыныптасы мен мұғалімін пышақтап кеткен мектеп оқушысы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот кәмелетке толмаған баланы өлтірмек болды деп айыпталған жасөспірімге үкім шығарды. Сараптама сотталушының қылмысты есі дұрыс емес жағдайда жасағанын растады.
Психикалық ауруына байланысты сот айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатты.
«Прокурор мен жәбірленушілер сотталушыға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды сұрады», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Жігіттің өз іс-әрекетінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін сезіну қабілетінен айыратын психикалық ауруына шалдыққанына байланысты сот жалпы психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді тағайындады.