11-06-19 |
9420 рет қаралған
Тәуелсіз бақылаушылар Тоқаевқа ашық хат жазды.
Тәуелсіз бақылаушылар Тоқаевқа ашық хат жазды

Ақтөбе қаласындағы сайлау учаскелерінде тәуелсіз бақылаушы болған бір топ азамат сайлау күні заң бұзушылықтар болғанын айтып, президент Қ.Тоқаевтың атына ашық хат жазды.
Ашық хаттың мәтіні мен суретке түсірілген нұсқасын журналист Бақыт Жаншаева фейсбуктегі парақшасында жариялады.
Хаттың толық мәтіні төменде беріліп отыр.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Сіз «Әділ сайлау болатынына кепіл боламын» дедіңіз. ҚР Президенті ретінде кепіл берген соң, соның орындалуын қамтамасыз етуіңізді, Сіздің уәдеңізге сеніп, Қазақстан тарихында бірінші рет өз еркімен барып, сайлау барысын қадағалаған тәуелсіз бақылаушылардың өз таңдауын жасаған халық дауысының ұрлануын айтып, шырылдаған үніне құлақ асуыңызды сұраймыз.
Заң бұзу болған сайлау учаскелеріндегі дауыс нәтижесін заңсыз деп тануды талап етеміз!
2019 жылдың 9- маусымында өткен ҚР Президентін сайлауда Ақтөбе қаласы бойынша 158 сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылаушы болғандар Заң бұзу болған сайлау уческелеріндегі дауыс нәтижесін заңсыз деп тануды талап етеміз.Бақылаушы ретінде өз еріктерімізбен қатыстық. Таң атқаннан кірпік қақпай бақыладық. Дауысты санаудағы әділетсздік пен заң бұзуды көзімізбен көріп, видеофиксация жасадық, жасаған актілеріміз де бар. Күндіз аздаған олқылықтар мен кемшіліктер болды.Дегенмен, біз оларға мән бермей, дауыс санауды күттік. Дауыс санау басталғанша Нұр Отаннан және Қосановтан басқа кандидаттар атынан келген бақылаушыларға тиіспей, тек бізді арандатып, түрлі желеумен сайлау учаскесінен шығарып жіберуге тырысты. Сөйтіп топтап бюллетендерді жәшікке лақтырды. Соған жол бермейміз деп жүріп, арамызда таяқ жегендері де болды. Бұл туралы құқық қорғау органдарына арыз жазылды. Заң бұзу туралы толтырған актілерімізге сайлапу уческелерінің төрағалары мен мүшелері, басқа бақылаушылар қол қоймады. Сөйтіп дауыс санау кезінде небір заңсыздықтарды жасады.
1-ден, дауысты санағанда бюллетендерді көрсетпей санады.
2-ден, Қосановқа деп берілген бюллендерді Тоқаевқа дауыс бергендердің бюллетендеріне қосып санады.
3-ден, протоколды бермей, қашты.
Бойкот жасағандарға немесе бюллетенді жарамсыз қылғандарға қарамастан біз көптеген сайлау учаскелерінде Қосановтың жеңіске жеткенін көрдік.
Сондықтан, сайлау нәтижесі заңсыз, сайлау әділ өтпеді!Халық аманатына қиянат жасалды!
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.