Әлеуметтік желіде ер адамның әйелді ұрып-соққан видеосы тарады.
Жетісу облыстық полиция департаменті полицияның бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
— Оқиға 9 қаңтарда Талдықорғандағы интернет-дүкендердің бірінде болғаны анықталды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.