arasha.kz

Талғарда жасөспірімнің  өлімі: жеті күдікті ұсталды

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазан күні Талғарда қайғылы оқиға орын алды – 16 жастағы жасөспірім төбелес кезінде қаза тапты.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, адам өлтірді деген күдікпен жеті жас жігіт ұсталды.

Сот оларға қатысты бұлтартпау шарасына санкция берді – ұсталғандар екі айға қамауға алынды.

«Біз қоғамдық толуды түсінеміз. Прокуратура Талғардағы кісі өлтіру ісін ерекше бақылауға алғанын ресми түрде хабарлаймыз», – деп хабарлады қадағалау органы.

Естеріңізге сала кетейік, Шерзат Болаттың өлімінен кейін халық митингке шығып, наразылық белгісі ретінде полиция департаменті ғимаратының алдына өздерін өртеп жібереміз деп қорқытқан.

Exit mobile version