arasha.kz

Тараз әкімінің орынбасары болған Нұрбол Қалдыбев қамауға алынды

Кеше кешкісін Антикор Тараздың бұрынғы әкім орынбасарын қамауға алды.

Про кадры телеграм каналының жазуынша, Қалдыбаев 2023 жылдың 21 қарашасында жұмыстан кетуге өтініш білдірген.

Ол құрылыс пен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына жауапты болған.

Қалдыбаевқа ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлігі бойынша айып тағылған. Каналдың жазуынша ол 200 млн теңге көлемінде шығын келтірген.

Бұған дейін Таразда толық салынып бітпеген үйлер пайдалануға берілгені туралы ақпарат тараған. Салынып бітпеген ғимаратты заңды түрде пайдалануға қабылдап алған. Ол Ұлы дала шағын ауданында болған.

Exit mobile version