12-04-24 |
9700 рет қаралған
Таразда лауазымды тұлғалар ұсталды – ҰҚК.
Таразда лауазымды тұлғалар ұсталды – ҰҚК

Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкері ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«Олар заңсыз келген шетел азаматтарына жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.