23-12-21 |
1190 рет қаралған
Тәшенова: Мамай кезекті рет ойсырай жеңілді.
Тәшенова: Мамай кезекті рет ойсырай жеңілді

Айжан Тәшенова, адвокат:

– Кеше Мамай мен Иманбаева кезекті мәрте ойсырай жеңілді!
Алматы қалалық соты Б.Байбектің ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау жөнінде талап арызы бойынша сот шешімінің толық орындалмауына байланысты Мамайдың жүргізуші куәлігін қолдануын тоқтату, сондай-ақ борышкерлерге кез-келген рұқсатнамалар мен лицензияларды алуға уақытша тыйым салу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Естеріңізге сала кетсем, жауапкерлер маған сенім білдіруші туралы сот шындыққа жанаспайды деп таныған материалдарды теріске шығарып, оларды өшіріп тастаудан негізсіз бас тартып отыр.
Мен осыған дейін жазғанымдай, сот шешімі осылай болатыны белгілі еді. Мамай мен Иманбаева бұл жолы да сотта өздерінің сандырақ әрекеттеріне қатысты көкейге қонымды құқықтық негіз ұсына алмады. Ең күлкілісі сол, жауапкерлер бұл айланы сот басталғаннан бері, яғни жарты жыл көлемінде қолданып келеді.

Енді қорытындыларға қысқаша тоқталып өтейін.

Біріншіден, Мамай мен Иманбаева ашық әрі жария сотта Б.Байбекке қатысты жариялаған өсек-жалаларына бірде-бір дәлел келтіре алмағанын білесіздер. Нәтижесінде барлық инстанцияларда жеңіліс тапты: Иманбаеваның арызы Жоғарғы сотта да қаралып, шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды. Бұл ең соңғы сот инстанциясы.
Кассациялық сатыда тек Иманбаева ғана шағым түсіргенін атап өткім келеді. Ал Мамай бұған дейін жариялаған сандырақ мәлімдемелеріне қарамастан, жұбайын «отқа тастап», өзі шетте қалды. Кешегі жазбасында Мамай Жоғарғы сотқа берген арызым жауапсыз қалды-мыс деген сылтау айтыпты.

Бұл Мамайдың тағы бір кезекті арсыз өтірігі. Сот заңға сәйкес ресімделген кез-келген шағымға дәлелді жауап беруге міндетті. Сондықтан да оның ашықтық туралы қоймай айтып жүретінін ескере отырып, Мамайға өз сөзінің дәлелі ретінде Жоғарғы Сотқа жіберген өтінішін және оған берілген жауапты жария етуді ұсынамын. Сонымен қатар, шындықты анықтап, Мамайдың кассациялық сотқа шағымданғанын немесе шағымданбағанын анықтау мақсатында мен оны күтпей-ақ Жоғарғы Сотқа сауал жолдадым.

Мамай кассацияға жүгінсе де, оның шағымының мазмұны Иманбаеваның талап-арызымен сәйкес боларын ескере отырып, шешім де соған ұқсас болады, яғни шағым қанағаттандырусыз қалатына ерекше назар аударғым келеді.
Сонымен қатар, бүкіл процесс кезеңіндегі жауапкерлердің іс-әрекеттері мен ұстанымдарының қайшылығын атап өткім келеді. Сот шешімімен келіспейтіні туралы жария мәлімдемелеріне қарамастан, Мамай мен Иманбаева өз әрекеттері арқылы шешімді толық мойындады.

Яғни, Мамай мен Иманбаева сот арқылы өндіріп алынған барлық соманы өз еркімен әрі мәжбүрлеусіз уақытылы төледі: олар Б.Байбек аутизмі бар балаларға көмек ретінде жіберген 876 402 теңге көлемінде сот шығындарын, сондай-ақ сот шешімін толық орындамағаны үшін әкімшілік іс жүргізу шеңберінде Алматы қаласының бюджетіне әрқайсысы 140 және 15 мың теңгеден айыппұл өтеді.

Екіншіден, Мамай мен Иманбаева баршаға өздерінің алдамшы болмысын, құқықтық нигилизмін тағы да көрсетті.
Кешегі отырыста Иманбаева сот шешімінің орындалмау себебін түсіндіріп, нақты мәселенің мәні бойынша сөйлеу туралы соттың өтінішіне әдеттегідей байбалам салып, назарды істің тақырыбына емес, басқа мәселелерге аударды. Сот бірнеше рет ескерту жасауға мәжбүр болып, Иманбаеваны сот отырысынан шеттетті. Мамай мен Иманбаева әрқашан мысал ретінде келтіретін дамыған демократиялық елдерде бұл әрекеттері үшін әлдеқайда барынша қатаң жауапкершілікке тартылар еді.

Өз кезегінде, Мамай өзіне тән емес қылық танытып, процесс бойы үнсіз қалғанын атап өтемін. Шамасы, Иманбаеваны процесстен шеттету оған әсер еткен секілді.
«Бір апам бар, одан өткен сорақы» дегендей, жауапкерлердің «заңгері» Қалиев тағы да ерекшеленді. Ол процесті барынша созуға тырысып, тіпті шектеу шараларын қолдану рәсімдеріне қатысты заңнамалық олқылықтарға байланысты-мыс отырысты тоқтату және Конституциялық Кеңеске жүгіну туралы негізсіз өтініш білдірді. Заңға сәйкес сот бұл өтінішті қабылдамады.
Қалиевке одан гөрі заңдарды мұқият оқуға және процеске жақсылап дайындалуға тағы да кеңес беремін!

Мамай мен Иманбаеваға қатысты барлық санкциялар «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңда нақты жазылғанын атап өтемін.
Үшіншіден, Мамайлар жұбының шектен шыққан принципсіздігі мен алалаушылығы одан сайын таң қалдыруда.
Мамайдың логикасына қарайтын болсақ, ол басқаларды еш дәлелсіз, көпшілік алдында қорлап және түбегейлі жалған ақпарат тарату арқылы олардың конституциялық құқықтарын анайы және ашық түрде бұза алады. Бірақ, заң бойынша оны жауапқа тартқанда, Мамай бірден Конституцияға жүгіне бастайды.

Ал, Иманбаева одан асып түсіп, балаларының артына жасырынып, аяп-есіркесін деген айла-шарғымен қоғамдық пікір қалыптастырмақшы. Бұл енді цинизмнің шыңы, оның бойында ұяттың жұрнағы да қалмаған, тіпті балалар да оның саяси ойында пайдаланар құралына айналып кеткен.

Қазір Мамай мен Иманбаеваның өтірікке белшелерінен батқаны, олар үшін тек ақша мен пайдакүнемдік мүдделері ғана маңызды екендігі бәріне белгілі. Жүргізуші куәлігіне қатысты олар қалай дүрліккенін қараңыздаршы. Ал олардың ар-ожданнан аттап өтіп, қадір-қасиетіне, балаларына, ата-аналары мен туысқандарына қармастан көптеген адамдарды жария түрде қорлағаны мүлдем алаңдатпайды да, басқа адамдардың конституциялық құқықтарына түкіргені бар.
Әйтсе де, Мамай мен Иманбаевадан бар болғаны сот шешімін орындау – сот шешіміне сәйкес Б.Байбекке қатысты жалған материалдарды теріске шығару және жою талап етіліп отыр. Сонда барлық шектеулер алынып тасталады. Бұл олардың өз таңдаулары және өз шешімдері!

Олардың табандап отырып алуларының себебі қарапайым ғана: Мамай жала жапқан жарияланымдар мен бейнелер жойылған жағдайда, оның «саудыраған сөзден салынған сарайының» шаңырағы ортасына түседі деп шошынуына байланысты болуы мүмкін. Сонда оның жалған екіжүзді бейнесін көріп, тіпті артынан ерген шағын «тобыры» да одан кері айналмақ.
Егер Мамай мен Иманбаева арсыз жала жауып, өздерінің теріс пиғылды іс-әрекетін жалғастыра берсе, онда оларға атқарушылық іс жүргізу туралы хабарлама берілген күннен бастап 6 ай өткен соң, яғни келесі жылдың наурыз айында сот шешімін орындамағаны үшін сот орындаушысы қылмыстық іс қозғауға мәжбүр болады.
Бұл жағдайда, біздің ұстанымымыз өте қарапайым: біз Мамай мен Иманбаеваны олардың әрқайсысы үшін заңға сәйкес 800 сағатқа жетуі мүмкін қоғамдық жұмыстарға тартуды талап етеміз. Яғни, оларға Алматы көшелерін сыпыруға тура келеді.
Қорытындылай келгенде, Мамай мен Иманбаева – идея жолында жапа шегушілер емес, керісінше заңды күшіне енген сот шешімін орындаудан еш негізсіз бас тартқан принципсіз және зиянкес заң бұзушылар!

Осылайша олар кез келген демократиялық мемлекеттің басты қағидаты – Заң үстемдігін арсыз белден басуда. Яғни, «аңқау елге арамза молданың» кебін келтіріп отыр.
Алайда, соттың арқасында Мамай мен Иманбаеваның барлық маскалары толығымен шешілді. Енді олардың сөздері мен іс-әрекеттерінің толықтай жалған екенін түсініп, барлығы олардың шынайы болмысын көрді.

P/S. Мамайдың кассациялық сотқа шағымданғанын немесе шағымданбағанын анықтау мақсатында менің Жоғарғы Сотқа жолдаған сауалыма жауапты ала салысымен оны жариялайтын боламын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.