31-05-24 |
19610 рет қаралған
Теміртауда ауруханаға науқастарды жалған жатқызу фактілері анықталды.
Теміртауда ауруханаға науқастарды жалған жатқызу фактілері анықталды

Теміртау қаласының прокуратурасы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының  «Теміртау қаласының ана мен балаға арналған  көпсалалы орталығы» КМК (бұдан әрі – Орталық) қызметінде заңдылық сақталуына талдау жүргізді.

Тексеру барысында қадағалау органы Орталықтың қызметкерлерін ауруханаға жалған жатқызу фактілерін анықтады. 

Бұл қызметкерлер жұмыс істеп жүргендеріне қарамастан, құжаттамада ауруханаға жатқызылғандар ретінде көрсетілген.

Уәкілетті органның қорытындысына сәйкес Орталық 42 медицина қызметкеріне стационарлық науқастың медициналық карталарын негізсіз берген. Оның үстіне бұл қызметкерлерді «емдеуге» бюджет қаражатына сатып алынған дәрі-дәрмектер есептен  заңсыз шығарылған.

Қарағанды облысының әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз бетінше тексеру жүргізіп, ауруханаға жалған жатқызылған адамдарға дәрі-дәрмектің негізсіз шығынына және медициналық көмек көрсетуге 17,9 млн теңге жұмсалды деген қорытындыға келді. Бұл қаражат іс жүзінде көрсетілмеген медициналық қызметтерге аударылған.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижелері бойынша заңсыз жұмсалған қаражат толығымен бюджетке қайтарылды, анықталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.