Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы не үшін үйқамақтан шұғыл изоляторға ауыстырылғанын түсіндірді.
Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Бақытгүл Хаменованы сотқа дейін тергеу абақтысына жабу туралы қаулы шығарды. Хаменова бұған дейін үйқамақта болды.
«Бақытгүл Хаменова ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлімі 2 бөлігінде көзделген ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталуда. Ол облыста басшылық қызмет атқарғандықтан және басқа да әлеуметтік байланыстары болғандықтан, қылмыстық істің өзге де тұлғаларына әсер етіп, істің объективті тергелуіне кедергі келтіруі мүмкін», – деп жауап берді облыстық соттың баспасөз қызметі.
Егер Б.Хаменованың қылмысы дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бастапқыда тергеу сотының судьясы Бақытгүл Дүйсебалиева күдіктіні үйқамаққа жіберу туралы шешімін Хаменованың кішкентай екі баласы бар екені және қарт анасын бағып отырғанын айтты.
Еске сала кетейік, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова және облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Абай ескерткішін орнату бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарты үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілікті. Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің орынбасары ұсталғанда көңілі түскенін айтқан болатын. Ал осы істегі тағы бір күдікті – Ақылбек Рысқалиев өз кінәсін мойындап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне барған. Осыдан кейін Хаменованы ұстау үшін Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы тергеу тобы келіп, шенеунікті жұмыс орнынан тергеуге алып кеткен. Ол өз кінәсін мойындаған жоқ.