
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шу аудандық полиция бөлімінің тергеушісіне қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Ол қылмыстық істі тергеп-тексеруді оңайлатылған тәртіппен аяқтау үшін 500 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алған. Күдікті кінәні толық мойындады», – делінген Антикор хабарламасында.
Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
-
26.02.2025
-
26.02.2025
-
26.02.2025
-
26.02.2025
-
26.02.2025
-
26.02.2025
-
26.02.2025
-
26.02.2025
-
26.02.2025