Біз
әлеуметтік
желіде
12-06-25 |
290 рет қаралған
TikTok-та құмар ойын ұйымдастырған екі тұрғын сотталды.
TikTok-та құмар ойын ұйымдастырған екі тұрғын сотталды

Алматыда TikTok әлеуметтік желісі арқылы онлайн-құмар ойындарды ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

 Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталған.

«Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңгені құрады. Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды», — делінген хабарламада.

Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.

Айта кету керек, TikTok-тағы ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған.

 Бұл – интернет кеңістігінде белсенді жастардың құмар ойындарына тартылу қаупін арттырып, зиянды әдеттерге, тәуелділікке және қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін қауіпті әлеуметтік үрдіс.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.