06-02-25 |
380 рет қаралған
Тимур Құлыбаев мемлекетке бір миллиард доллар аудармақ.
Тимур Құлыбаев мемлекетке бір миллиард доллар аудармақ

Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы олигарх Тимур Құлыбаев Қазақстан билігімен мемлекетке бір миллиард доллар төлеу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Bloomberg өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

«Қазақстанның ең бай адамдардың бірі алғашқы президент кезінде жиналған байлығына қатысты үкіметтік тергеу аясында мемлекетке шамамен бір миллиард доллар төлеуді талқылап жатыр», – деп жазады басылым.

Егер келісімге қол жеткізілсе, Құлыбаев қаражаттың бір бөлігін тікелей мемлекетке төлейді, ал қалғанын маңызды жобаларға инвестициялауы тиіс. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа келіссөз барысынан хабардар екі дереккөз айтқан.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Құлыбаев пен мемлекет арасындағы келісім (егер ол жүзеге асса) оған қандай да бір айып тағуды немесе заңбұзушылықтарды мойындауды көздемейді.

Өткен жылдың қараша айында Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару жөніндегі комитет Тимур Құлыбаевқа қарсы тағы бір талап-арыз бергені белгілі болды. Bloomberg осы тергеуді меңзеп отырған болуы мүмкін.

Құлыбаевтың активтері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу қиын, себебі комитет оларды мемлекеттің аса құпия деректері секілді мұқият сақтайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.