25-09-19 |
1540 рет қаралған
Тоқаев араласқан соң қамауға алынған бас дәрігер Тезекбаев босатылды.
Тоқаев араласқан соң қамауға алынған бас дәрігер Тезекбаев босатылды

Алматыдағы №4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев ешқайда кетпей туралы қолхатпен қамаудан босатылды. «Бас дәрігерді көп кешікпей тергеу абақтысынан босатады», – депті адвокат Қайрат Байбазарова.

22 қыркүйекте Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған тергеу соты Қанат Тезекбаевты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған. Сөйтіп бас дәрігер тергеу абақтасына қамалған еді. 25 қыркүйекте Қ.Тезекбаевтың адвокаты Қайрат Байбазаров бірінші сот шешіміне қарсы сотқа арыз түсірген. Нәтижесінде сот бірінші сот шешіміне қайтарым жасады.

Бүгін президент Тоқаев бас дәрігерге араша түсіп, оның ісін президент әкімшілігіне, денсалық сақтау минитрлігіне және Алматы қаласы әкіміне тапсырып, анық-қанығын анықтауды, бәрін заң аясында шешуді тапсырған. Президент араласқан соң, Тезекбаевты босатты.

Бас дәрігер Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлының қазасынан соң тергеуге алынғаны және оған өз жұмысын кәсіби тұрғыда атқара алмаған деген күдікпен қамалғаны белгілі.  Тезекбаевқа араша түсіп оның әйелі Дина Тезекбаева президентке хат жазған, мәселені бақылауына алуын сұраған. Дәрігердің әріптестері де оған араша сұраған. БАҚ мәліметіне қарағанда, Серік Күдебаевтың ұлы Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Күдебаев шілде айында жол апатына түсіп, оны әуелі №7 қалалық ауруханаға апарып, кейін №4 қалалық ауруханаға жеткізген. Осы жерде науқасқа ота жасалған. Кейін Н.Күдебаевты емдетуге Германияға алып кеткен. Ол сол жақта көз жұмған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.