18-07-24 |
23480 рет қаралған
Түрмелер толып кетті. Қазақстан сотталғандарды қайда жіберерін білмей жатыр.
Түрмелер толып кетті. Қазақстан сотталғандарды қайда жіберерін білмей жатыр

Соңғы жылдары елімізде түрмеде жазасын өтеушілер саны өсті. Бұл мәселе қазір ел басшылығы деңгейінде шешілуде. Бұл жөнінде Түзеу мекемесінің басшысы Теңізжан Жәнібеков айтып берді.

Төрт жыл ішінде сотталғандар саны жеті мыңға жуық адамға өскен. Бұл мүлікті ұрлау, тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да қылмыстар үшін жазаның күшейтілуіне байланысты болып отыр.

«93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар. Сонымен қатар, 45 пайызы қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған», – дейді Теңізжан Жәнібеков.

Жалпы, қазір елімізде 78 түзеу мекемесі бар, онда 37 мыңнан астам сотталушы жазасын өтеп жатыр. Оның үш мыңы әйелдер (50-ден астамы кәмелетке толмағандар). Сондай-ақ уақытша ұстау изоляторларында орын тапшылығы байқалады: 16 тергеу изоляторында 7,5 мың адам отыр.

«Біз оларды ауыстыру мүмкіндіктерін іздейміз. Тіпті, Астанадағы тергеу изоляторында да үкім заңды күшіне енбей тұрып, осы мәселені шешу үшін көрші облыстардағы уақытша ұстау изоляторларына жібереміз. Қазір бұл мәселе ел басшылығы деңгейінде көтеріліп жатыр», – деп қосты Жәнібеков.

Ішкі істер министрлігі Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жаңа уақытша ұстау орындарын құруды жоспарлап отыр.

Теңізжан Жәнібеков бұл үшін бюджеттен қанша қаржы талап етілетінін ашып айтқан жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.