«Қаржы жымқырды» делініп он жылға сотталған Қуандық Бишимбаев бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты Бишимбаевтар отбасы растады деп vlast.kz жазды.
Экс- министр Қуандық Бишимбаев былтыры, 2018 жылы 14 наурызда он жылға сотталған еді. Сот оны қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлімі («Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық ету, сол сияқты қылмыстық топты құру не оған басшылық ету»), 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы («Топ болып немесе астыртын сөз байласып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды ұйымдастыру») бойынша айыпты деп таныған.
Қуандық Бишімбаев 2016 жылы ұлттық экономика министрі қызметін сегіз ай атқарған. Ол 2017 жылдың 10 қаңтарында «топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алған» деген күдікпен ұсталған.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024