22-08-24 |
15000 рет қаралған
Ұлытауда сотталғандарды азаптаған ҚАЖК жүйесінің 11 қызметкері сотталды.
Ұлытауда сотталғандарды азаптаған ҚАЖК жүйесінің 11 қызметкері сотталды

Прокурорлар 11 сотталғандарға қатысты кінәлі қызметкерлердің азаптау қолданғандығын тергеумен дәлелдеді.

2024 жылғы 30 шілдесінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандарды азаптау қолдану фактісі бойынша осы Мекеменің 7 және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің (бұдан әрі – Әскери бөлім) 4 қызметкерлеріне қатысты үкім жарияланды.

Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.

Сот үкімімен Мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы Мекеменің басқада 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру түріндегі  жазалар тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық  жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін  әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.