03-04-24 |
2980 рет қаралған
Ұлытауда сотталғандарды азаптау фактісі анықталды.
Ұлытауда сотталғандарды азаптау фактісі анықталды

Ұлытау облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекеме және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің  қызметкерлеріне қатысты азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқтағандарын мәлімдеді. 

Мекеменің 7 және Әскери бөлімнің 4, жалпы 11 қызметкерлері №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандарды кемсіту және сол мекемеде жазасын өтеп жатқан басқа да сотталғандарды қорқыту мақсатында күш қолдану арқылы оларды азаптағандығы анықталды.

Лауазымды тұлғалар өздерінің жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарын құқық қорғау органдарынан жасыру мақсатында сотталғандарды Мекеме және Әскери бөлім қызметкерлеріне бағынбаушылық жасағандығы туралы жоғары тұрған басшылырына баяндаған.

Тергеу барысында күдіктілерге бұлтартпау шаралары қолданылып, тергеу сотымен олар лауазымдарынан уақытша шеттетілді.

26.03.2024 ж. қылмыстық іс сотқа жолданды.

ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық  жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін  әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.