Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік индексі әлемдегі халықаралық беделді рейтинг болып табылады. Бұл додаға қатысқан ел заңының пәрменді, қауіпсіздігінің жоғары, дамуға қабілетті екенін сөзбен емес, іспен дәлелдеуге міндетті. Осы рейтингте даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі бәсекеге қабілеттілікті айқандаудағы индикатордың бірі ретінде белгіленген. Еліміз мұндағы талаптарды мінсіз орындап, өзінің өркениетті елдер көшіне ілесе алатынын көрсетіп отыр.
Тәуелсіздік алғалы еліміздің жаңа ұлттық заңнамасын қалыптастыру жолында қыруар істер атқарылды. Қазақстандық құқықтық тәжірибені әлемдік озық стандарттарға жеткізетін қолданыстағы бірқатар заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамалық актілер қабылданды. Нәтижесінде азаматтық іс жүргізудің қағидалары, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау институттары жетілдіріліп, даулы мәселелерді шешудегі тиімділік артты. Мұны айтып отырғанымыз, Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексі 119 көрсеткіштен тұрады. Оның 34-і статистикалық мәліметтер қорытындысы бойынша әзірленсе, қалғаны еліміздің орта және ірі кәсіпорындары жетекшілеріне сауалнама жүргізу нәтиежесі бойынша есептеледі. Атап айтсақ, 119 көрсеткіштің 4 индикаторы – «Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі», «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі», «Меншік құқығы», «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторлары бойынша Әділет министрлігі жауапты орындаушы болып табылады. Осылардың ішінде дауларды шешудегі заңнаманың тиімділігіне келсек, мұнда ел халқының құқықтарын соттан тыс және сотқа дейін қорғау тәсілдері енгізілген.
Қазақстан Республикасы Конституцияның 13-бабына сай, әркiм өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы. Заңнамаларды жетілдіру мақсатында Әділет министрлігі мен Жоғарғы Сот бірлесіп қолданыстағы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын дайындауға атсалысты. Аталған Кодекске енгізілген нормалар «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы көрсеткіштерін көтеруге өз септігін тигізеді. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің бұл тұрғыдағы басты ерекшелігі тараптарға дауларды сотқа дейін реттеп, қысқа мерзім ішінде, аз материалдық және моральдық шығындармен шешуге мүмкіндік береді. Бұған қоса ҚР Әділет министрлігімен «Төрелік туралы» заң жобасы дайындалып, ол 2016 жылы қабылданды. Заң кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызу, инвестиция тартуды ынталандыру және де мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсаттарын көздейді. Кәсіпкерлік қызмет процесінде туындайтын даулар сот тәртібімен қоса Төрелік заңының аясында да шешіледі. Төрелік дауларды соттан тыс барынша тиімді реттеуді қамтамасыз етіп, қысқа уақытта соттан тыс шешеді.
Кез-келген мемлекетте сот жүйесінің дамуы үшін даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі маңызды десек, бұл ретте «Медиация туралы» заң бар. Азаматтар істі сотқа дейін жеткізбей дауды медиативті немесе партисипативті келісімдермен шешу мүмкіндігіне ие болды. Біздің мақсатымыз құқықтық жүйені жетілдіру, азаматтардың тиісті құқық қорғауын қамтамасыз ету. Сапалы заңның қашан да экономикалық өсуге, кәсіпкерлікті дамытуға негіз болары анық.
«Заңы мықты мемлекеттің – болашағы мықты» демекші, заңға бағынған ел болашағы жарқын. Қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіріп, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмей қорғай білу еліміздің Жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, жоғарғы деңгейде дамыған құқықтық мемлекеттердің қатарына кірудің бірден бір жолы.
Ғ.Бейсенбаев
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024