Ол екі жылға бас бостандығыннан шектеу жазасына кесіліп, моральдық шығынды өтеу ретінде Анна мен Олег Черновқа әрқайсысына 1 миллионнан төлеуге міндеттелді.
Жоғарғы сот Алматыда ерлі-зайыпты адвокаттар Анна мен Олег Черновты соққыға жыққан Нұрасыл Болатқа (Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы) қатысты бірінші инстанция сотының үкімін жойды.
Сот Нұрасыл Болатты екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, сонымен қатар моральдық өтемақыны әрқайсысына 1 миллион теңгеге дейін өсірді.
Бұған дейін Алматы әскери сотында Нұрасыл Болат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабында («Бұзақылық әрекетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Содан кейін оған 500 АЕК – 1 725 000 теңге айыппұл салынды.
Айта кетсек, 2023 жылы 11 ақпанда Алматыда Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат сүйіктісін соққыға жыққан. Мұны байқаған адвокаттар Анна мен Олег Чернов арашалауға тырысады. Алайда, екеуі де соққыға жығылады.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024