Біз
әлеуметтік
желіде
11-06-25 |
390 рет қаралған
Заңсыз желдеткіш: Астана соты спорт басқармасы басшысының әрекетін заңсыз деп таныды.
Заңсыз желдеткіш: Астана соты спорт басқармасы басшысының әрекетін заңсыз деп таныды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі спорт басқармасының басшысы Астанадағы «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде заңсыз орнатылған желдету жүйесін жақын күндері бұзып, алып тастауына міндеттелді. Мұндай шешімді Астана қалалық соты жақында шығарды, деп жазды Козачков телеграм арнасы.

Биыл көктемде СҚО-ның бас спортшысы Әділхан Сағындықов тұрғын үй кешеніндегі коммерциялық нысанға байланысты сот істеріне ұрынғаны жөнінде материал жарық көрген еді.

Белгілі болғандай, шенеунік «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде орналасқан шайханасының жұмысына ауа тарту үшін рұқсатсыз желдеткіш жүйесін шатырға дейін созып, ғимараттың қасбетін бұзып тастаған.

Алайда тұрғындарға мұндай «көршілік» әрекет ұнамай, олар Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына шағымданған. Сонымен қатар, кешендегі пәтерлердің бірінің иесі Сағындықовқа қарсы азаматтық талап арыз берген.

Осылайша Әділхан Сырлыбаевич екі рет сотқа тартылды:

Біріншісі — азаматтық істегі жауапкер ретінде,

Екіншісі — ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша құқық бұзушы ретінде.

Бір сот шамамен 60 мың теңге айыппұл салды,

Екіншісі желдеткішті өз қаражаты есебінен алып тастап, қасбетті қалпына келтіруге міндеттеді.

Шенеунік беріспей, мемлекеттік органның шешімін сот арқылы даулауға тырысты, бірақ сот оның талабын қанағаттандырмады. Сонымен қатар, азаматтық соттың шешіміне де шағым түсірді, алайда 3 маусым күні Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы алғашқы инстанцияның шешімін күшінде қалдырды.

Енді, ендігі кезекте, СҚО спорт басқармасының басшысы «Нұрсаядағы» артынан тазалап, бәрін орнына келтіре ме — соны бірге бақылайық.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.