03-04-24 |
5660 рет қаралған
Жалдамалы пәтерде есірткі өсіргендер ұсталды.
Жалдамалы пәтерде есірткі өсіргендер ұсталды

Шымкентте полиция екі фитозертхананы жойды.

Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа карсы күрес басқармасы арнайы іс-шаралар барысында 37 жастағы тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Touareg автокөлігін ұстады. Көлік ішінде марихуана салынған 2 пластик сыйымдылығы табылды.

Азаматтың жалдаған пәтерін тексеру кезінде фитозертхана анықталды. Арнайы желдету жүйесі, диодты шамдар, ылғалдылықты өлшеу құралдары, термометр және автоматты суарумен жабдықталған бөлмеде ер адам қарасора өсірген. Дәл осындай зертхана ер адамның сыныптасының үйінде де анықталды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асады. Оның ішінде қарасора бұталары мен көшеттері және 15 бір литрлік сиымдылықтарға салынған марихуана бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.