26-04-24 |
20250 рет қаралған
Жамбыл облысында 4,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды.
Жамбыл облысында 4,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Байзақ ауданында 465 гектар жерді заңсыз беру фактісі және пайдаланылмай жатқан 4292 гектар жер телімін анықталды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Бұл учаскелердің кадастрлық құны 55 млн теңгеден астам болады.

«Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде сотқа дейінгі тәртіппен пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін толық қайтару қамтамасыз етіліп, ал қалған заңсыз берілген жерлер бойынша сотқа жерді жалға алу шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді», – делінген хабарламада.

Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 13.02.2024 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, 465 гектар жер мемлекетке қайтарылды.

Бұл жер учаскелері алдағы уақытта шаруа қожалықтарына заңда белгіленген тәртіппен беру арқылы шаруашылық айналымына тартылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.