Біз
әлеуметтік
желіде
02-07-25 |
280 рет қаралған
Жазасын өтеушілердің алғашқысы амнистия бойынша бостандыққа шықты.
Жазасын өтеушілердің алғашқысы амнистия бойынша бостандыққа шықты

Жазасын өтеушілердің алғашқысы амнистия бойынша бостандыққа шыққаны туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

Белгілі болғандай, ер адам Қостанай облысында ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан. Қазір оны үйінде әйелі мен үш баласы күтіп отыр.

«Бұл оқиға олардың өміріндегі маңызды кезеңді білдіреді, жаңа өмірді бастауға және қоғамға толыққанды оралуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ҚАЖК өкілдері.

Еске салсақ, амнистия Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған болатын. Оның 15 мыңға жуық адамға қатысты қолданылатыны хабарланған еді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.