03-05-24 |
39380 рет қаралған
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азаматтың ісі бойынша сот басталды.
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азаматтың ісі бойынша сот басталды

Айта кетсек, 2023 жылдың 26 ​​қарашасына қараған түні қызылшаға күдіктенген нәрестені көру үшін жедел жәрдем көлігі көпқабатты үйдің ауласына кірген.

Бұл кезде айыпталушы қоқыс шығаруға шыққан, ал жедел жәрдем оның өтуіне кедергі болған. Осы себепті Дәкебаев жүргізушіге шабуыл жасап, оны бірнеше рет ұрып, мұрнын, бірнеше қабырғасын сындырған, оған қоса миы шайқалған.

2 мамыр күні таңертең сарапшы қосымша тағайындалған сараптаманың қорытындысын оқыды. Бірақ ол жедел жәрдем жүргізушісіне келтірілген зиянның дәрежесін анықтай алмады. Ал жәбірленушінің тарапы невропатологтың қатысуымен тағы бір сараптама тағайындау туралы өтініш берді. Сот оны қанағаттандырды.

Жүргізушісінің өзі Төреғали Берікқалиұлы сотқа келмеді. Ол емдеуді жалғастыруда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.