05-01-24 |
20710 рет қаралған
Желі қолданушы Азаттық радиосын сынға алды.
Желі қолданушы Азаттық радиосын сынға алды

Facebook әлеуметтік желісін қолданушы Амандық Дәулетбекұлы Азаттық радиосын үнемі кемшілікті жазады деп сынға алды.

Желі қолданушысының жазбасын қаз-қалпында назарларыңызға ұсынамыз:

Алишердің өткенде Азаттық радиосын сотқа бергенін білемін. Таза қолданыстағы заңнама тұрғысынан корректный ход екен деп бағалағам. Кеше Тоғжанның постынан тағы да біршама Ресей каналдарының бұдан былай Отау ТВ провайдері арқылы таратылмайтын болғанын біліп, қуанып қалдым. Соловьев анау-мынаулардың орыс тілді азаматтарымыздың миын улауына осылай ақырын-ақырындап түбегейлі тосқауыл қойылады деп сенем.

Жалпы, Азаттықтың тарихына қарасаңыз қырғи қабақ соғыс кезінде Совет үкіметін іштей ірітіп-шіріту арқылы әлсірету мен ыдыратуға арнайы жасақталған құрал ғой. Басшылығында АҚШ-тың барлау саласындағы жоғары шенділердің болып жүргені де содан ғой. Дәл сол тарихи кезеңде біз үшін пайдалы да болды, мойындау керек. Ал, қазір ше? Қырғи қабақ соғыс бітті, Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Енді кіммен күреседі бұл ақпарат құралы сонда? Кімді ыдыратады? Кімнің мемлекетін әлсіретеді? Жақсылап байыппен анализ жасап көрген адамның көруі қиын емес: Бұл ақпарат  құралының тарататын контенті ылғи “атты, шапты, қырды, сорлатты, зарлатты, жылатты, тоздырды, көз жасы көл болды” дегенге сайып, біздің мемлекеттік басқару аппаратының қауқарсыздығын, біліксіздігін жасырын икеммен жеткізуге тырысып, керек болса “мемлекет болып қалыптаса алмады”- дегенге сайдырады өңкей. Жеке өз ойым. Бәсе деген канал бар, сол екеуінің контенті бір екенін ойлап, кейде қаржыландыру көзі де бір жер ме деп те қалам, рас. Әйтпесе оппозициялық бағытта редакция жұмысын жүргізіп келген Ермурат ағамның  ДАТ-ында да талай негативті ақпарат тарап тұрады. Бірақ бұл газетте объективтілік бар.

Қорыта келе айтарым: кісідегінің кілті аспанда, қашан да. Шеттен (әсіресе шет елдің мемлекетінен) қаржы алатын кез-келген ақпарат құралы мен қоғамдық әлеуметтік-саяси ұйымдардың жұмысын біз жіті назарда ұстауымыз керек. Заңды белшесінен басып, қасақана мемлекеттілігімізге қарсы ақпарат таратты не жұмыс істеді ме, әділет қылышы шауып түсіп отыруы керек. Алишердің сөздерімен толық келісемін де, қолдаймын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.