04-08-21 |
1160 рет қаралған
Жемқорлықпен істі болған Берік Шәріпті сот ақтап жіберді.
Жемқорлықпен істі болған Берік Шәріпті сот ақтап жіберді

Нұр-Сұлтандағы Есіл қалалық сотында «СК-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты үкім шықты. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны және қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыпталды.

«Берік Шәріп Қазақстан Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлімінің 3-тармағында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасау бойынша кінәсіз деп танылсын және оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ақталсын», – деді судья Дүйсембиев.

Екінші айыптау бойынша Шәріп кінәлі деп танылды, оған «Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз оқ ату қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша 1000 АЕК немесе 2 797 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.