30-07-24 |
14420 рет қаралған
Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы мен оның сыбайласы сотталды.
Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы мен оның сыбайласы сотталды

Түркістан қалалық сотымен Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы А. Мырзаевқа, оның сыбайласы  А. Балтабаевқа және осы департаменттің бөлім басшысы Б. Жетпісовке қатысты үкім жарияланды. 

Мырзаев пен Балтабаев алаяқтық пен пара беруге итермелеу, ал Жетпісов – пара беруге оқталу бойынша кінәлі деп танылды.

Мырзаев пен оның сыбайласы Балтабаев жер учаскесін ресімдеу үшін кәсіпкердің 18 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденгені анықталды.

Сонымен қатар Мырзаев лауазымды тұлғаларға жалпы қамқорлығы үшін пара беру сылтауымен бұрын келісілген Жетпісовтың 5 млн теңгесінің 70 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолымен иемденді.

Сот үкімімен Мырзаевқа 8 жыл, Балтабаевқа – 7 жыл және Жетпісовке – 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Үкімді жария ету Түркістан қаласының Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық департаменті мен Жер қатынастары бөлімі ұжымының қатысуымен өтті. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.