arasha.kz

Жетісу облысының білім саласында сыбайлас жемқорлық әшкере болды

Бухгалтер осуждена в Костанае за хищение 8,6 миллионов тенге.

Кербұлақ ауданы прокуратурасы білім бөлімі  бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтағандарын мәлімдеді.

2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің үш бухгалтері білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударғанын анықтады.

Келтірілген шығын 34 млн теңгені құрады.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы (шартты түрде соттау) бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді

Exit mobile version