Біз
әлеуметтік
желіде
23-06-25 |
120 рет қаралған
Жоғарғы соттағы Жақып Асановтың бұрынғы кеңесшісіне іздеу жарияланды.
Жоғарғы соттағы Жақып Асановтың бұрынғы кеңесшісіне іздеу жарияланды

Экс-судья Қарлығаш Таткеева іздеуге жарияланды.

«Таткеева Қарлығаш Құрмашқызы. Іздеуде жүргеніне үш күн болды. Іздеу ісі 2025 жылғы 20 маусымда тіркелген. Аймақ – Қарағанды облысы. Іздеуді бастаған орган – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті», – делінген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланған іздеу карточкасында.

Қарлығаш Таткеева елдің басты сот органын қазіргі сенатор Жақып Асанов басқарған кезде оның азаматтық істер бойынша кеңесшісі болған. Бұған дейін ол Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының және Астана қалалық сотының судьясы қызметтерін атқарған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.