Павлодарда қол астындағы жүкті қызметкермен болған жанжалдан кейін полиция департаменті бастығының орынбасары қызметінен кетті, деп жазды EL.kz.
Облыстық ПД мәліметінше, ол өз әрекетімен құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіріп, қызметінен қалпына келтіру құқығынсыз босатылды.
«Павлодар қаласы ҚПП Орталық полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қызметтік тергеу аяқталып, тиісті шаралар қабылданған.