Біз
әлеуметтік
желіде
09-06-25 |
1170 рет қаралған
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы сотталды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы сотталды

Осы жылдың 20 мамырында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотымен қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Өсербаева сотталды. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Ол «Suberpro-com» ЖШС өкілінің «Церебралдық сал ауруы» диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шарт жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 3,6 млн теңге сомасында ақша қаражатын жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Өсербаеваға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік
сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 27 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.