Антикор осы жылдың басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысын тіркегендерін мәлімдеді.
Бейінді министрлік ішіндегі жемқорлықтың ауқымы қазіргі уақытта бұрынғы вице-министр, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, Спортты дамыту дирекциясының басшысы және басқа да лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуына әкелген.
Ұлт денсаулығын нығайту және бұқаралық, әсіресе балалар спортын дамыту мәселелеріне мемлекет басшысы ерекше көңіл бөледі.
«Тек соңғы 6 жылда осы саладағы бюджет 2 есеге өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады. Алайда, Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеуде. Осы сала бюджетінің 90%-ы жұмсалатын «жоғары жетістіктер» және «бұқаралық» спортты қаржыландыру арасында теңгерімсіздік байқалады», – делінген хабарламада.
Ал дамыған елдерде пропорциялар мүлдем өзгеше және бұқаралық спортқа қаражат бөлу басым.
«Қаржыландырудағы диспропорция жемқорлық схемаларына негіз болды.
Егер бұқаралық спортта қазір цифрландырылған жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы жұмыс істеп тұрса, онда жоғары жетістіктер спортында ашық емес және субъективті төлемдер, аз бақылау, аффилирленген қатысушылар, жалған оқу-жаттығулар және қосарланған қаржыландыруға жағдай жасалған», – деп атап өтті Агенттік төрағасы А. Жұмағали.
Спорттық процестерде цифрландырудың болмауы жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қаражаттардың жымқырылуына қолайлы.
Екі жыл бұрын жоспарланған «Е-sport» ақпараттық жүйесі осы уақытқа дейін іске қосылған жоқ. «Спорт шеберлері» жалған атақтарын беру фактілері анықталды.
Мәжілісте Қазақстандағы спортшыларды натурализациялау, кәсіби клубтардың бюджеттерін қалыптастыру және легионерлерге төлемдерді қаржыландыру мәселелері талқыланды.
Ел Президентінің бюджет пен жалақы мөлшерін шектеу жөніндегі тапсырмасына қарамастан, еліміздің футбол кәсіподақ клубтары соңғы 3 жыл ішінде 30 млрд теңгеден астам үстеме ақы төледі.
Сонымен қатар, өзінің спорттық инфрақұрылымын дамытудың орнына бюджет қаражаты легионерлерге төлем жасауға және спорт нысандарын жалға алуға жұмсалды.
Талдау қорытындысы бойынша Агенттік салалық министрліктің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар енгізді.
Ведомстволық бақылауды күшейту және дискрециялық өкілеттіктерді қысқарту, қаражатты бөлу процестерін нақты нормативтік және құқықтық регламенттеуді белгілеу және бұзушылықтар үшін жауапкершілікті дербестендіру, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформа құру туралы сұрақтар қойылды.
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024