16-02-24 |
17820 рет қаралған
Жыланбаев денсаулығына байланысты аштықты тоқтатты.
Жыланбаев денсаулығына байланысты аштықты тоқтатты

Бұл жөнінде Мейіржан Досқараев мәлімдеді. Оның сөзінше, Марат Жыланбаев аштықты 12 ақпанда доғарған.

Белсенді Амангелді Жахиннің айтуынша, дүйсенбі, 12 ақпанда жақтастары Степногорск түрмесіне барып, Жыланбаевпен кездеспек болған, алайда кіре алмаған. Сол күні тек Жыланбаевтың әйелі мен қызы түрмеге кіріп, жақынымен кездесе алған, деп жазды Азаттық радиосы.

«21 күн аштық ұстаудың өзі ерлік. Мен Жыланбаевты [аштықты тоқтату туралы] шешімін толық қолдаймын. Қазіргі режим үшін денсаулықты құрбан етуден мән жоқ» деді Жахин 16 ақпанда Азаттыққа.

Былтыр қарашада жеті жылға сотталған Марат Жыланбаевқа «экстремистік ұйымның ісіне араласты» және «экстремизмді қаржыландырды» деген айыптар тағылған. Белсенді мен жақтастары істің саяси астары бар деген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.