arasha.kz

«Зорлыққа қарсы 16 күн» шарасы алғаш рет қазақ тілінде өтеді

Бүгін, 25 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйымдастыруымен «Зорлыққа қарсы 16 күн» шарасы басталды. Шара дүниежүзі бойынша өтеді. Бұл туралы блогер Айна Досқызы өзінің инстаграм парақшамында хабарлайды.

Айна Досқызының айтуынша аталмыш акция Қазақстанда бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатса да, қазақ тілінде алғаш рет белсенді түрде өтекізіледі.

«Оны да бір жыл бойы шырылдап жүріп, қазақ тілінде өткізу керек деп жеңіп алдым десем өтірік емес. Өзім-ақ жауапты адам боламын дедім»,-дейді блогер А. Досқызы.

Сонымен қатар Айна ханым оқырмандарын, блогерлер мен журналистерді бастамасын қолдауға шақырады.

Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр. Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды.

Қазіргі кезде қоғамда шешімі күрделі болып отырған мәселелердің бірі тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр. Зорлық-зомбылықтың құрбаны көп жағдайда әйелдер мен балалар, мүгедектер және қарттар болып жатады.

 

Exit mobile version