Айдос Сарым, қоғам қайраткері, саясаттанушы:
– Қырғызстандағы жағдайдың арты қалай болатынын айту қиын. Өйткені көп нәрсе қызғыздың элиталарына, саяси партияларына, саяси күштеріне тікелей байланысты. Жақында болған сайлау заңына енген өзгерістер осы үшінші революцияның негізін жасап берген сияқты. Ия, бұл үлкен қауіп. Сондықтан енді ары қарай қалай болады, биліктің вакуумы сақтала ма, сақталмай ма деген мәселе бар. Себебі биліктің өзінің жасаған олқылықтары, қателері, басқасы ол бір төбе әңгіме. Ал, елдегі биліктің жергілікті кландарға, руларға, криминалдық топтарға өтуі ешқашанда жақсылыққа апармағаны анық. Себебі енді біздің ауылдың басшысын, біздің рудың жетекшісін түрмеге отырғызыпты деп саналы түрде революцияны дайындау, сайлаудың нәтижесін соған желеу етіп, төңкеріс жасау ол енді ешқашанда жақсылық емес. Бұл енді басқа адамдарға да, басқа топтарға да үлкен прецедент. Аналар істесе біз неге істей алмаймыз деген мәселе туындауы ықтимал. Қалай болғанда да әрбір қақтығыстың, үлкен сілкіністің мемлекеттің экономикасына, қоғамның да ерік-жігеріне теріс әсерін туғызатыны анық. Сондықтан қырғыздар үшін басты мәселе – биліктің вакуумын барынша тез жабу. Әзірге жоғарғы кеңестерінің пәрмені, күші бар ғой, соны дұрыс пайдаланып қалу. Сосын ескі президент Сооронбай Жээнбековті заңсыз деп ешкім айта алмайды. Онымен де бір ымыраға келу керек. Ол ымыра қалай болады, қалай өтеді оны дөп басып айту қиын. Өйткені кеше қаһарына мінген үлкен нөпір күш бүгін кешегі президентті мойындай ма, кешегі атыс-шабыстан кейін ол да үлкен мәселе. Елдегі бар заңды күштің бірі ол жоғарғы кеңес, оның әлі уақыты өткен жоқ. Сондықтан алдағы сайлау қалай өту керек, қашан өту керек деген сұраққа нақты жауап табылуы тиіс. Бұрынғы және қазіргі президент Сооронбай Жээнбековпен я ымыраға келу, я осының бір форматын табу. Өйткені төңкеріп жіберген күннің өзінде де оның заңды пәрмені қалды. Ол қазір мысалы үшін өзінің ауылына барып, Ош қаласында жақтастарын жинап жатыр. Егер осылай кете беретін болса ерте ме, кеш пе мұндай жағдай толыққанды азаматтық соғысқа да апаруы ықтимал.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024