arasha.kz

Қырғызстанның экс-президенті 11 жылға сотталды (видео)

фото: 24.kg

Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі аяқталып, осы іс бойынша Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл екі айға сотталып, мүлкі тәркіленетін болды. Мұндай шешімді Бішкек қаласы Бірінші май ауданының соты шығарды.

Атамбаев сотта соңғы сөз сөйлеуден бас тартқан. Прокурор экс-президентті дүние-мүлкін тәркілеп, 15 жылғы бас бостандығынан айыруды сұраған.

Азиз Батукаевты заңсыз босатқан деген күдікпен 2019 жылы қаңтарда басталған іс бойынша күдікті 19 адам бар. Олардың арасында дәрігелерлер, бұрынғы лауазымды шенеуніктер де бар. 

 

Exit mobile version