arasha.kz

Қытай Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіруге дайын

Бейжің Ауғанстандағы өмір сүру жағдайын жақсарту және оның тәуелсіз дамуына мүмкіндіктер жасау үшін халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

 

«Қытай халықаралық қоғамдастықпен Ауғанстанды бейбіт жолмен қалпына келтіруге, халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ тәуелсіз даму мүмкіндіктерін жақсартуға қолдау көрсетуге дайын», – деді Қытай Сауда министрлігінің өкілі Гао Фэн бейсенбіде өткен брифингте.

Ол, сондай-ақ 2020 жылдың соңына қарай Қытай мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 550 миллион долларға жеткенін, 2021 жылдың бірінші жартысында екі ел арасындағы тауар айналымы 44 пайызға артып, 310 миллион юанды құрағанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 16 тамыздан бастап Ауғанстан аумағының көп бөлігін тәліптер басқарады. Олар елдің астанасы Кабулды басып алды. 

Exit mobile version