SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа түріне қарсы қытайлық вакциналардың тиімділігі төмен. Бұл туралы Қытайлық ауруларды бақылау орталығы хабарлады.
«Қазір бізде иммундау үшін әртүрлі өндірістің әртүрлі вакциналарын қолдану нұсқасы ресми түрде қарастырылуда», – деді орталық директоры Гао Фу.
Сол сөйлеген сөзінде ол қытайлық вакциналар «онша тиімді емес» екенін мойындаған.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Sinovac препаратының тиімділігі 50,4 пайызды құрайды — салыстыру үшін, ресейлік және батыстық аналогтарта бұл көрсеткіш 90 пайыздан асады.
Бұл ретте Қытайда әлі күнге дейін шетелдік коронавирусқа қарсы вакциналарды қолдануға рұқсат бермеді.
Айта кетейік, Қытай азаматтары он миллион дозаны алып үлгерді: Бейжіңде жаздың ортасына қарай елде бір миллиардтан астам адамға вакцина егуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024