25-02-20 |
1510 рет қаралған
Қытайда 56 жастағы әйелге короновирусты анықтайтын тест сегіз рет жасағаннан кейін барып анықталды.
Қытайда 56 жастағы әйелге короновирусты анықтайтын тест сегіз рет жасағаннан кейін барып анықталды
Қытайдың Сычуань провинциясында 56 жастағы әйелге короновирусты анықтайтын тестті   сегіз рет жасағаннан кейін барып аталмыш вирус анықталды деп хабарлайды  «Хуаньцю шибао»газеті.
 Чунцин қаласындағы қонақүйлердің бірінде ыдыс жуушы болып істеп, Аньюэ уезінде тұратын Тан есімді әйелге вирустық нуклеин қышқылын анықтау тестін бірнеше рет жасағанда ауру анықталмаған. Дүйсенбі күні жасаған сегізінші тесттен әйелдің коронавирусқа шалдыққаны белгілі болып отыр.
Тан істейтін қонақүйдің бір қызметкерінен коронавирус табылған екен, сондықтан мекеме басшылығы оны тест тапсыруға жіберген. Ақпанның 2-де карантинге жатқызылған оған ақпанның 7 мен 23 аралығында сегіз рет тест жүргізген, бірақ нәтижесі теріс болған.
Әйелге диагноз зертханалық талдамалар мен клиникалық симптомдардың нәтижесінде қойылған.
Еске салсақ,  2019 жылдың  31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз ауру тарап жатқанын мәлімдеген.  Мамандар бұл коронавирустың жаңа түрі екенін анықтап, бұл вирусқа COVID-2019 деген ат берілді.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.