arasha.kz

Қызметкерлерін ұрып-соққан полицей қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Мақсат Әбікен (суретте, фото: kaztag.kz) қол астындағы қызметкерлерді ұрып-соққан видео телеграм каналда тараған соң қызметінен кетті. Бұл туралы Астана қаласы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Телеграм каналда шыққан видеоға орай қызметтік тексеріс жүргізген департамент Мақсат Әбікенді және оның кадр жөніндегі орынбасарын қызметінен алып тастаған.

Exit mobile version