2023 жылы Байқоғыр ғарыш айлағынан Ресей «Протон-М» ракетасын ұшыратын екі алаңының бірін жабады.Бұл туралы «Араша» ақпараттық порталы «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз Байқоңыр ғарыш айлағындағы 81-ші алаңында орналасқан 24-ші іске қосу орнатуын 2022 аяғы мен 2023 жылдың басында жаппақпыз. Ал 200-ші алаңындағы 39-ші іске қосу қондырғысы «Протон» зымырандарын эксплуатациялау соңына дейін жұмыс істейтін болады», – дейді жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану орталығының бас директоры (Ресей ғарыш айлақтарының операторы) Андрей Охлопков.
Бұған дейін «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин ұшыру алаңдары 2022–2024 жылдарға дейін жұмыс істейтінін айтқан.
Ресей 2021 жылы өзінің «Восточный» ғарыш айлағында ракета ұшыру санын біржарым, екі есеге өсіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар онда «Союз-5» жән «Союз-6» ракеталарын ұшыру жоспарланған.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024