Ресей президент Владимир Путин Украина шығысындағы Луганск және Донецк облыстарына Ресей әскерін кіргізу туралы бұйрық берді. Бұл жөнінде дүйсенбі күні «Луганск халық республикасы» және «Донецк халық республикасының» тәуелсіздігін мойындау туралы жарлықта жазылған. Жарлықта Путин Ресей қарулы күштеріне аталған «республикаларда» бейбітшілікті нығайту міндетін тапсырған.
Дүйсенбі күні Путин Украина шығысында «Луганск халық республикасы» және «Донецк халық республикасының» тәуелсіздігін мойындау туралы қаулыға қол қойған. Бұған қоса, Ресей мен аталған «республикаларда» достық пен ынтымақтастық орнату туралы келісім ге де қол қойылған.
Келісімде Ресей сепаратистік республикалардың қай аумағын танитыны жазылмаған. «ДНР» мен «ЛНР» қазір Донецк және Луганск облыстары аумағының үштен бірін бақылайды. Ал қалған үштен екісі Украина бақылауында. Алайда сепаратистердің өздері екі облыстың аумағына тұтас иелік етеміз деп есептейді.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024